Шарттар мен ережелер

1. Қызметтерді пайдалану

Kontax кәсіби баспасөз ақпаратының сайты болып табылады және ол жүйелі жарнамаларды, жеке жарнамаларды, жаңалықтардың бейне материалдарын немесе басқа веб-сайттардан кез келген пішімде немесе әдіспен көшірілген ақпаратқа арналмаған.

Баспасөз ақпараттары бастырып шығарушының әрекетіне тәуелді, баспа арқылы оқу үшін пішімделген және оның мазмұны шын мәнінде кәсіби тілшілерге қызықты болуы тиіс.

Kontax веб-сайты мен қызметтері (бірге «Қызметтер» деп аталады) осы шарттар мен ережелерге сай пайдаланылуы тиіс. Kontax – HTT SAS компаниясының тіркелген сауда белгісі, оның басты кеңсесі мына мекенжай бойынша орналасқан: 216 Route de Neufchatel, 76420 Bihorel, Франция.

2. Шарттар мен ережелердің тілі

2.1 Kontax қамтамасыз ететін Қызметтер үшін тек француз тіліндегі шарттар мен ережелер қолданылады. Kontax компаниясы қажет болған жерге шарттар мен ережелердің француз тілінен аударылған нұсқасын тек ыңғайлылық үшін ғана береді.

2.2 Француз тіліндегі және аудармадағы ережелер арасындағы қайшылық болған жағдайда, француз тіліндегі нұсқаның ережелері басым болады.

3. Шарттар мен ережелерді қабылдау

Бұл қызметтерді пайдаланғаныңыз осы шарттар мен ережелерді қабылдағаныңыз болып есептеледі.

4. Қызметтер көрсету

Осы арқылы сіз Kontax өз шешімімен ескертусіз белгілі бір уақытқа немесе уақытша Қызметтердің барлығын немесе бір бөлігін өзгертуі не болмаса тоқтатуы мүмкін екеніне келісесіз.

5. Аударма қызметтері

5.1. Аударма қызметтерін Kontax сайтына тәуелсіз компаниялар ұсынады. Осы себептен қызмет ұсынушыларының білімі мен біліктілігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салса да, Kontax ешқандай жағдайда олар ұсынған қызмет сапасына жауапты болмайды.

5.2. Осы арқылы сіз аударма қызметіне байланысты шағым немесе дау-дамай туындаған жағдайда бұл үшін тек қызметті ұсынушы ғана жауапты екеніне және шағым тек сол қызмет ұсынушымен бірге солар көрсеткен ретпен қаралатынына келісесіз.

5.3. Kontax веб-сайтын пайдаланушы мен Kontax веб-сайтының серіктес аударма компаниясы арасында тікелей қарым-қатынас болады. Осы арқылы екі жақ арасындағы келісім шарттық қарым-қатынас сәйкес аударма компаниясының коммерциялық шарттарымен және осы жағдайда қолданылатын заңға сай реттеледі.

5.4. Басқа пайдаланушылардың мүддесін қорғау және мазмұнның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету мақсатында Kontax әуесқойлық немесе машиналық деп қарастырылған үшінші жақ аудармаларын еш ескертусіз жою құқығын өзіне қалдырады. Сонымен бірге Kontax сайттың дұрыс емес тіл нұсқасында шығарылған немесе пайдаланушылар не Kontax веб-сайтының серіктес аударма компаниялары тіл тигізген деп есептеген мазмұндарды қамтитын баспасөз ақпараттарын ешқандай ескертусіз жоя алады.

5.5. Kontax пайдаланушылар немесе Kontax веб-сайтының серіктес аударма компаниялары бірнеше рет тіл тигізген деп есептеген мазмұнды жариялаған пайдаланушылардың есептік жазбаларын да жою құқығын өзіне қалдырады. Kontax веб-сайтының серіктес аударма компаниялары басқа елдердегі үшінші жақ тіл тигізген деп есептеген, өз елдеріндегі пайдаланушы жариялаған мазмұнға жауапты емес.

6. Қызметтерді пайдалану

6.1. Сізге Қызметке тіркеу процесінің бөлігі ретінде немесе Қызметтерді пайдалануға байланысты белгілі бір Қызметтерге кіру үшін өзіңіз туралы мәліметтерді (жеке басыңызды айқындайтын немесе байланыс мәліметтері сияқты) беруіңіз қажет болады. Сіз тіркеу мақсатында Kontax веб-сайтына нақты, дұрыс және соңғы мәліметтерді беруге келісесіз.

6.2. Сіз Қызметтерді тек Шарттар мен ережелерде рұқсат етілген мақсаттар үшін пайдалануға келісесіз.

6.3. Сіз Қызметтерге кедергі келтіретін немесе оларды бұзатын ешқандай әрекеттер жасамауға келісесіз.

6.4. Осы арқылы сіз Шарттар мен ережелерде көрсетілген кез келген міндеттемелерді бұзғаныңыз және олардың нәтижелері (Kontax тартқан шығындар немесе зардаптар) үшін барлық жауапкершілікті мойныңызға аласыз. Осыған байланысты Kontax сіз немесе үшінші жақ үшін жауапты емес екеніне сөзсіз келісесіз.

7. Есептік жазба мен құпия сөз қауіпсіздігі

7.1. Осы арқылы сіз Қызметтерге кіру үшін пайдаланылатын кез келген есептік жазбаға байланысты құпия сөздердің құпиялығын қамтамасыз етуге жауапты екеніңізге келісесіз.

7.2. Осы арқылы сіз есептік жазбаңызды пайдаланып Kontax веб-сайтында жасаған барлық және кез келген әрекеттер үшін Kontax веб-сайтының алдында жауапты екеніңізге келісесіз.

8. Жеке мәліметтер

8.1. Сіздің Компьютерлер, файлдар және еркіндікке байланысты 6 қаңтар 1978 жылы шығып, 2004 жылы түзетулер енгізілген № 78-17 француз заңының 39 және одан кейінгі баптарына сай сайтта көрсеткен жеке мәліметтерді қарауға, өзгертуге, түзетуге немесе жоюға құқығыңыз бар.

8.2. Сіз Kontax Қызметтерді көрсету мақсатында деректеріңізді пайдалануы мүмкін екеніне келісесіз.

8.3. Kontax веб-сайтын пайдалану бойынша өтінішті толтырғаннан кейін ықтимал пайдаланушының URL мекенжайы тек пайдаланушы тұратын елдегі Kontax веб-сайтының серіктес аударма компаниясына жіберіледі, олар Kontax веб-сайтына пайдаланушы жариялайтын мазмұнның сайт талаптарына сай екендігін тексере алады.

8.4. Осы мақсаттардан басқа жағдайда Kontax компаниясы деректеріңізді кез келген пішінде немесе әдіспен үшінші жақтарға бермейді немесе сатпайды.

8.5. Kontax веб-сайтының пайдаланушылары сауда атауы және / немесе логотибі веб-сайтта немесе жарнамалық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екеніне келіседі.

9. Қызметтер мазмұны

9.1. Қызметтерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болатын кез келген ақпарат (мысалы, деректер файлдары, мәтін, музыка файлдары, аудио немесе басқалары, фотосуреттер, бейнелер немесе басқа да кескіндер) үшін мазмұн авторы жауапты болады. Осы ақпараттардың барлығы бірге «Мазмұн» деп аталады.

9.2. Қызметтер арқылы ұсынылған Мазмұн, оның ішінде, мұнымен ғана шектелмейді, Қызметтер ішіндегі жарнамалар мен ақша бөлінетін Мазмұн Kontax веб-сайтына Мазмұнды берген жарнама берушілер мен демеушілердің мүддесі үшін парасат меншігі заңдарымен қорғалуы мүмкін екенін біліңіз. Kontax компаниясы немесе бөлек келісім шарт бөлігі ретінде Мазмұн иелері рұқсат бермейінше, сіздің Мазмұнды өзгертуге, жалға беруге, лицензиялауға, бере тұруға, сатуға, таратуға не болмаса осының (немесе оның бөліктерінің) негізінде бір немесе бірнеше туынды жасауға құқығыңыз жоқ.

9.3. Қызметтегі кез келген немесе барлық Мазмұнды қарау, тексеру, белгілеу, сүзу, өзгерту, қабылдамау немесе жою құқығын (бірақ оны пайдалануы міндетті емес) өзіне қалдырады.

9.4. Қызметтерді пайдаланғанда тіл тигізетін, әдепсіз немесе даулы деп таныған Мазмұнды кездестіруіңіз мүмкін екенін біліңіз. Осыған байланысты Қызметтерді пайдаланғанда тәуекелге баратыныңызды біліңіз.

9.5. Сіз Қызметтерді пайдаланғанда жасайтын, жіберетін немесе көрсететін Мазмұнға толықтай жауапты болатыныңызға келісесіз. Осыған байланысты сіз жасаған әрекеттеріңіз (Kontax тартқан шығындар немесе зардаптар) үшін барлық жауапкершілікті мойныңызға аласыз. Осы арқылы сіз Kontax компаниясы сіз немесе басқалар жасаған осы әрекеттердің нәтижесіне жауапты емес екендігіне келісесіз.

10. Меншік құқығы

10.1. Осы арқылы сіз сәйкес барлық парасат меншігі құқықтарын қоса (тіркелген, тіркелмеген болса да, құқық қорғанысын қамтамасыз ететін территорияға қарамастан) Қызметтерге қатысты құқықтарға Kontax компаниясы ие екеніне келісесіз.

10.2. Егер басқасы Kontax компаниясымен жазбаша түрде келісілмесе, осы Шарттар мен ережелер сауда атауларын, сауда белгілерін, қызмет белгілерін, логотиптерді, домен атауларын және басқа да Kontax компаниясының айрықша белгілерін пайдалану құқығын бермейді.

10.3. Осы құжаттың 11-бабында айтылған шектеулі лицензияны есепке алғанда осы Шарттар мен ережелерге сәйкес сіз де, сіздің лицензиар да Қызметтерде немесе Қызметтер арқылы берген, қойған немесе жіберген Мазмұнға қатысты ешқандай құқықтарды (сәйкес барлық парасат меншігі құқықтарын қоса, тіркелген не тіркелмеген болса да, құқық қорғанысын қамтамасыз ететін территорияға қарамастан) бермейтіндеріңізге немесе тағайындамайтындарыңызға Kontax компаниясы келіседі. Егер Kontax компаниясымен жазбаша түрде келісілмесе, сіз Мазмұнды қорғауға және сәйкес құқықтарды сақтауға жауапты боласыз. Kontax компаниясы мұны сіздің атыңыздан орындамайды.

10.4. Сіз Қызметтерде қамтылуы немесе көрсетілуі мүмкін кез келген меншік құқықтарын (авторлық құқық белгілері мен сауда белгілерін қоса) жоймауға, жасырмауға немесе өзгертпеуге келісесіз.

10.5. Егер Kontax компаниясымен жазбаша түрде анық келісілмесе, қасақана не байқамай, олардың иесі немесе өкілетті пайдаланушысы кім екенін шатастыруы мүмкін жағдайларда сіз Қызметтерді пайдалану бөлігі ретінде кез келген компанияның немесе ұйымның сауда белгілерін, сауда атауларын немесе логотиптерін қолданбауға келісесіз.

11. Мазмұн лицензиясы

11.1. Қызметтерде немесе Қызметтер арқылы жіберген, қойған немесе көрсеткен Мазмұнға қатысты сіздің авторлық немесе басқа да құқықтарыңыз сақталады. Сіз Қызметте немесе Қызметтер арқылы жіберген, қойған немесе көрсеткен Мазмұнды Kontax компаниясына шығару, бейімдеу, өзгерту, аудару, жариялау, орындау, көрсету және тарату үшін мерзімсіз, қайтарусыз, дүниежүзілік, қаламақысыз, ерекше емес лицензия беруге келісесіз. Бұл лицензия тек Kontax компаниясына Қызметтерді көрсете, тарата және жарнамалай алуы үшін беріледі, ол Шарттар мен ережелерде анықталған кейбір Қызметтер үшін жарамсыз болуы мүмкін.

11.2. Сіз бұл лицензияның Kontax компаниясына осындай Мазмұнды Kontax компаниясымен ортақ қызмет көрсетуге қатысты басқа компанияларға, ұйымдарға немесе жеке адамдарға қол жетімді ету және оны осы Қызметтерді қамтамасыз етуге байланысты пайдалану құқығын беретініне келісесіз.

11.3. Сіз Kontax компаниясына жоғарыда айтылған лицензия беруге қажет барлық құқықтарыңыз бен өкілеттігіңіз бар екенін растап, кепілдік бересіз.

12. Kontax компаниясымен қарым-қатынасты тоқтату

12.1. Сіз немесе Kontax компаниясы төмендегі ережелерге сай тоқтатпайынша, Шарттар мен ережелер қолданылады.

12.2. Сіз Kontax компаниясымен келісім-шартты мынадай жағдайда үзе аласыз: a) кез келген уақытта Kontax компаниясын хабардар ету арқылы; ә) Kontax веб-сайтында осындай параметр болса, пайдаланған барлық қызметтер үшін есептік жазбаңызды жабу арқылы.

12.3. Kontax компаниясы кез келген уақытта келесі жағдайларда келісім шартты үзе алады:

а) егер сіз Шарттар мен ережелердің бірін бұзсаңыз (немесе оларды қадағалай алмайтыныңызды немесе қадағалағыңыз келмейтін өз ісіңізбен анық көрсетсеңіз);

ә) Қызметтерді ұсынатын Kontax компаниясының серіктесі Kontax компаниямен өз қарым-қатынасын үзсе немесе Қызметтерді көрсетуді тоқтатса;

б) Kontax компаниясы сіз тұратын немесе қызметтерді пайдаланатын елдегі пайдаланушыларға Қызметтерді көрсетуді тоқтатса.

12.4. Бұл бап Шарттар мен ережелердің 4-бөліміндегі Kontax компаниясының Қызметтер көрсету құқығына әсер етпейді.

12.5. Қандай да бір себептермен осы Шарттар мен ережелер күшін жойғаннан кейін сіздің және Kontax компаниясының құқықтары мен міндеттері (бастапқы, Шарттар мен ережелерді қолданған кезде келісілген немесе өз күшін жойғаннан кейін қолданылатын) өз күшінде қалады.

13. Кепілдіктерден бас тарту

13.1. Қызметтер «сол қалпында» көрсетіледі. Нәтижесінде, Kontax компаниясы мен оның серіктестері мыналарға кепілдік бермейді:

а) Қызметтерді пайдалану талаптарыңызға сай келетініне;

ә) Қызметтерді пайдалану үздіксіз, уақытылы, қауіпсіз немесе қатесіз болатынына;

б) Қызметтерді пайдалану нәтижесінде алынған ақпарат нақты әрі сенімді болатынына.

13.2. Ешбір жағдайда кепілдіктер немесе басқа да шарттар (оның ішінде қанағаттандырарлық сапаның тұспалдайтын кепілдіктері, нақты мақсаттарға қолайлылығы не болмаса сипаттамаларға сәйкестілігі) осында анық ұсынылғандарынан және баптармен шектелмейтіндерінен басқа Қызметтерге қолданылмайды.

14. Жауапкершілікті шектеу

14.1. Kontax және оның серіктестері мына жағдайларда сіздің алдыңызда жауапты болмайды:

А. Кез келген тікелей немесе жанама залал үшін, пайдадан тікелей немесе жанама түрде айрылып қалғаныңыз үшін, абырой немесе атақтан айырылғаныңыз үшін не болмаса деректерді жоғалтқаныңыз үшін.

Ә. Мыналардың нәтижесінде болған шығын немесе залал үшін:

1) жарнаманың толық немесе дәл болмауына, сіз бен жарнамалаушы не болмаса жарнамасы Қызметтерде көрсетілген демеуші арасындағы қарым-қатынасқа немесе келісімге байланысты;

2) Kontax компаниясының Қызметтерде жасаған өзгерістеріне немесе Қызметтердің (немесе Қызметтердегі кез келген мүмкіндіктердің) түбегейлі немесе уақытша тоқтауына байланысты;

3) сақталған немесе Қызметтерді пайдалану арқылы жіберілген Мазмұнды немесе басқа коммуникациялық деректерді жою, бүлдіру не болмаса оларды сақтауда кеткен қате;

4) есептік жазбаңыз туралы Kontax компаниясына дәл ақпараттарды беруде кеткен қате;

5) құпия сөз бен есептік жазба туралы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығын сақтауда кеткен қате.

15. Баннерлер

15.1. Kontax веб-сайты ұсынатын кейбір қызметтер жарнама есебінен қор жинайды, сондықтан жарнамалар көрсетуі мүмкін.

15.2. Қызметтерде Kontax веб-сайты көрсететін жарнамалар шарттары мен ауқымы ешқандай ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

15.3. Kontax веб-сайты ұсынатын Қызметтерге кіру және оларды пайдалану мүмкіндігін алу үшін осы арқылы сіз Kontax пайдаланатын жарнамалау пішіндерімен келісесіз.

16. Басқа мазмұн

16.1. Қызметтер басқа веб-сайттарға, мазмұнға немесе Интернеттегі ресурстарға ерен сілтемелерді қамтуы мүмкін және оларды Kontax бақылай алмайды.

16.2. Осы арқылы сіз Kontax компаниясының мұндай веб-сайттардың немесе сыртқы ресурстардың қол жетімді болатынына жауапты еместігіне және осындай сайттар не ресурстарда жарияланатын не болмаса олардан қол жетімді болатын кез келген жарнаманы, өнімдерді не болмаса басқа материалдарды қолдамайтынына келісесіз.

16.3. Осы арқылы сіз Kontax компаниясының осы сайттарды немесе сыртқы ресурстарды пайдаланғаннан не болмаса мұндай сайттарда немесе ресурстарда жарияланған кез келген жарнаманың, өнімнің немесе элементтің толық не дәл еместігіне байланысты болған шығын не залал үшін жауапты еместігіне келісесіз.

17. Шарттар мен ережелерге өзгерістер енгізу

17.1. Kontax ешқандай ескертусіз Шарттар мен ережелерге кез келген уақытта өзгерістер енгізуі мүмкін.

17.2. Осы арқылы сіз Шарттар мен ережелерге өзгертулер енгізілген күннен кейін де Қызметтерді пайдалануды жалғастырсаңыз, мұның өзгертілген Шарттар мен ережелерді қабылдағаныңызды білдіретініне келісесіз.

18. Жалпы ережелер

18.1. Қызметтерді пайдалану сіздің басқа адам немесе компания ұсынған қызметті пайдалануыңыз, бағдарламалық құралды жүктеуіңіз немесе өнімді сатып алуыңыз мүмкін екенін білдіреді. Басқа қызметтерді, бағдарламалық құралдарды немесе тауарларды пайдаланғаныңыз үшін сіз және компания немесе жеке тұлға арасында бөлек шарттар болуы мүмкін. Бұл жағдайда Шарттар мен ережелер сіз бен осы басқа компаниялар немесе жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді.

18.2. Осы Шарттар мен ережелер сіз бен Kontax компаниясы арасындағы толық келісімге негізделген және Қызметтерді пайдалануыңызды реттейді.

18.3. Сіз Kontax компаниясының электрондық пошта немесе Қызметтерге қою арқылы ескертулер, соның ішінде Шарттар мен ережелердің өзгергені туралы жіберуі мүмкін екеніне келісесіз.

18.4. Сіз Kontax компаниясы осы Шарттар мен ережелерде (немесе қолданыстағы заңға сай пайдалану үшін Kontax құқық беретін) берілген қандай да бір құқықты немесе сот қорғанысының құралын пайдаланбаса, Kontax компаниясының одан бас тартатындығын білдірмейтініне келісесіз. Мұндай құқықтар немесе құралдар болашақта да қол жетімді болып қалады.

18.5. Егер тиісті сот осы Шарттар мен ережелердің қандай да бір бабын жарамсыз деп жарияласа, тек сол бап өз күшін жояды, ал Шарттар мен ережелердің басқа баптарына әсер етпейді.

18.6. Әр Kontax веб-сайтының серіктес аударма компаниясы Шарттар мен ережелердің үшінші жақ бенефициары болып есептеледі. Бұл компанияларда өздеріне пайда немесе құқықтар беретін Шарттар мен ережелердің кез келген бабының қолданылуын тікелей қадағалап отыру және соларға сүйену құқығы бар. Сондай-ақ, басқа адам немесе компания Шарттар мен ережелердің үшінші жақ бенефициары бола алмайды.

19. Реттейтін заң

Kontax Қызметтерін пайдалану арқылы сіз осы Шарттар мен ережелердің француз заңына сай реттелетініне келісесіз. Осы Шарттар мен ережелер бойынша туындаған кез келген дау туралы тек Руана қаласындағы (Франция) сотқа шағымданатыныңызға келісесіз. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Kontax тиісті сотта қосымша шаралар, соттың тыйым салуын немесе басқа да төтенше жағдайларды қолдануды сұрау құқығын өзіне қалдырады.


Ақпарат беру арқылы
әлемді өзгерт.

Kontax компаниясымен үкіметтік емес ұйымдармен байланысқа демеушілік ет